Ақтөбеліктер Мәңгілік ел даңғылына Елбасының атын беруді ұсынады
Ақтөбеліктер облыс орталығындағы Мәңгілік ел даңғылына Елбасының атын беруді ұсынып жатыр. Енді осыған байланысты демалыс күндері бұл өңірде жаппай қоғамдық тыңдау өткізілмекші.
Автор: Жаңалық Ахаш
29.11.2019
Нұрсұлтан Назарбаевтың аты ұсынылып отырған даңғыл жаңадан салынған ықшамауданда орналасқан. «Мәңгілік ел» атауын тұңғыш президенттің атына өзгерткен жөн, - дейді белсенділер. Бұған дейін қаланың қақ ортасындағы Әбілқайыр хан даңғылының жартысын Елбасының атына бермек те болған еді. Бірақ оны ономастикалық комиссия құптамады. Енді белсенділер бұл жолы өтінішті «кері қайтара қоймас» деген ойда.
Нарқозы Қартжан, белсенді:
- Елбасы және Мәңгілік ел деген ол бірбірімен ұштасып жатыр деп ойлаймыз. Сондықтан да бұл көше Елбасының атына әбден лайық. Себебі, Қазақстанның әр қаласында ондай көше бар. Біз қолдаймыз. Бізде де Назарбаев көшесі болсын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!