{metadescription}
Сот! Сәбиін тепкінің астына алған еркек ең ауыр жаза арқалауы мүмкін
Сот! Сәбиін тепкінің астына алған еркек ең ауыр жаза арқалауы мүмкін

Сот! Сәбиін тепкінің астына алған еркек ең ауыр жаза арқалауы мүмкін

Алматыда екі жасар өгей баласын ұрып өлтірді деп айыпталған азаматқа қатысты сот басталды. Сәбидің сау-тамтығын қалдырмай тепкінің астына алған еркек ең ауыр жаза арқалауы мүмкін. Оны судья бірден айтты. Айыпталушының өмірбақи түрмеге тоғытылуы мүмкін екенін естіген туыстары сот залында жылап жіберді. Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік оқиға қыркүйекте болған еді. Анасы жұмысқа кетіп, екі бірдей баламен үйде қалған еркек біреуін өлімші етіп ұрып тастады.

Тырнақтай баланы тепкінің астына алған еркек осы. Оның жуан жұдырығынан сәби сол күйі есін жимады. Асқан қатігездік танытқан өгей әкенің өкінішке қарай түрін түстеп көрсете алмаймыз. Өйткені Жеңіс Құрманғазин өзін түсіруге тыйым салды.  

Журналистерге өктем сөйлеген өгей әке сотта да дөрекілігін көрсетті. Екі жасар баланы жауыздықпен ұрып өлтірді деп айыпталған еркектен жауап алуды бастаған судья бірінші кезекте туған балаларының бар-жоқтығын сұрады. 

Өзінің де кішкентай балалары бар. Бірақ ол туған бала-шағасымен араласпайтын боп шықты. Жалпы, сот процесі тосын жайтқа толы болды. Мәселен, сот залына аяқ астынан бет-аузын тұмшалап алған біреу кіріп келді. Бейтаныс жанның беталды әрекеті судьяның ашуын шақырды. Сөйтсе бөлмеге баса -көктеп кірген сотталушының туған қарындасы екен. Ағасын қолдауға келгенін айтқан әйел кірген бойда беттен алып, төске шапты.      

Мұнда тек баладан айырылған ана ғана үнсіз отырды. Әсел Теңізбаева сотқа жалғыз келген. Бір жылға жуық бірге тұрған сотталушыға әйел көз қырын да салмады. Күдіктінің өзі де қарауға дәті бармай, басын салбыратқан күйі отырды.

Баланың жантүршігерлік өліміне қатысты сот процесінің ұзаққа созылмайтын түрі бар. Себебі, судья сотталушыға бірден ең ауыр жаза тағайындайтынын ескертті. Мұны естіген еркектің туыстары сот залында жылап жіберді.       

Әсел Теңізбаева, марқұмның анасы:

- Қатаң жазалана ма, өмірбақи отыра ма, шыға ма,  ол маған менің баламды қайтарып бермейді. Бұл жерде ол жазасын алса, о дүниеге барғанда Алланың жазасын алады. Мен соған сендім.

32 жастағы Жеңіс Құрманғазинге ең ауыр баппен айып тағылған. Яғни кәмелетке толмаған баланы асқан қатігездікпен ұрып өлтірді деген. Оған сәйкес, Түркістан облысының тумасы өмірбақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Естеріңізіге салсақ, жантүршігерлік оқиға қыркүйекте болған. Анасы жұмысқа кетіп, жылай берген баланы өгей әке өлімші етіп ұрды. Сәбиді есінен танғанша соққыға жыққан азамат оны өзі ойнап жүріп  құлап қалды деп ауруханалардың біріне апарып тастаған. Ал сәби сол күйі есін жимады.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде