{metadescription}
Ақтөбедегі көктайғақтан 20 көлік аударылды
Ақтөбедегі көктайғақтан 20 көлік аударылды

Ақтөбедегі көктайғақтан 20 көлік аударылды

Ақтөбе облысында да көктайғақтың кесірінен шетелдіктер мінген шағын автобус аударылды. Абырой болғанда Ресейге бара жатқан тәжіктердің қол-аяғы сау, ешбірі жарақат алмапты.

Құмар Тұрмағамбетов, Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Бөгетсайдың тұсында Тәжікстаннан келе жатқан азаматтар жолдан шығып кетіп, 10  шақты адам бәрі аман. Жолдың бәрі қазір көктайғақ. Ол жөнінде ескерту соңғы үш күнде бәріне жеткізіліп жатыр. 

Тайғаққа байланысты бірнеше рет жолды жапқанымен, ескертуді елемейтіндер көп. Соңғы бір тәулікте көк мұзға тайғанап, 20-дан астам көлік жолда аударылған. Аймақта демалыс күндері жаңбыр аралас қар жауып, артынша аяз тұрған еді. Енді бірнеше ауданда көктайғақтан тіпті жұрт үйден шығудан қалған. «Мал мұздан тұра алмай, қора ішіне сүйреп қамаймыз» - дейді ауыл тұрғындары. Әсіресе Байғанин ауданында жағдай қиын. Мал түгілі, адамдар жүре алмай, жамбастап сырғанауға мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде