Жаңаөзендегі сойқанда құрдасын пышақтаған бозбалаға қатысты сот үкімі шықты
Ақтауда қатарласын өлтірген оқушыға үкім шықты. Небәрі 15 жастағы бозбала енді алдағы 9 жарым жылын түрмеде өткізуі тиіс.
Автор: Аруна Ортай
04.12.2019
Оқиға жазда болған. Жаңаөзеннің орталық алаңында бір топ жасөпірім өзара сөзге келіп қалады. Ерегістің соңы қып-қызыл төбелеске ұласқан. Екіге бөлініп, сойқан салған жігіттердің бірі қарсыласын пышақпен үш мәрте ұрған. Қансыраған оқушы дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Көп қан жоғалтқан 15 жастағы бала есін жимаған күйі жан тапсырды. Бүгін сотталған бала да 15 жастағы мектеп оқушысы. Сот оны құрдасының өліміне кінәлі деп тауып, 9 жарым жылға бас бостандығынан айырды.
Шолпан Менбаева, марқұмның анасы:
- Ол сотқа келгенде бұлар құшақтап сүйіп, қолынан ұстап сөйтіп отыр. Мен болсам, суретті құшақтап, баламды тек жылаумен өтеді күндерім. Балалардың бірекі сөзіне бола осындай жағдайға жетіп отырмыз. Менің баламның не кінәсі бар, білмеймін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!