{metadescription}
Кардиоорталық қоймасынан мерзімі өтіп, бірнеше мәрте қолданылған ота жасайтын құралдар табылды
Кардиоорталық қоймасынан мерзімі өтіп, бірнеше мәрте қолданылған ота жасайтын құралдар табылды

Кардиоорталық қоймасынан мерзімі өтіп, бірнеше мәрте қолданылған ота жасайтын құралдар табылды

Павлодарда кардиоорталықтың пациенттері ұзақ уақыт В және С гепатиттерін жұқтырып келуі мүмкін. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ота жасау кезінде бір реттік құралдар қайта қолданылғанын білген соң, осындай қорытындыға келді.

Мекеменің қызметкерлері шағым түсірген соң ғимаратты түгел тінтіген жемқорлықпен күрес мамандары кардиоорталық жертөлесінен бір мәрте ғана қолданылуы тиіс скальпель, стилет, қан алуға арналған түтікшелер, катетер мен түрлі ине сақталған қойманы тауыпты. Қойма толы медициналық заттардың мерзімі өтіп қана қоймай, көпшілігі бірнеше мәрте қолданылғаны белгілі болды. Қазір бұл жайтты полиция мен прокуратура тексеруге кірісті. Оның қортындысы бойынша жүрегіне ота жасатамын деп келіп, қауіпті инфекция жұқтырған пациенттердің де нақты саны белгілі болмақ.

Ардақ Күзеков, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Тексеріс қортындысы бойынша бір мәрте қолданылуы тиіс құралдың қайта қолданылғаны, мерзімі өткен медициналық заттардың сатып алынғаны және қолданылып келгені анықталып отыр. Әзірге екі пациент В және С гепатитін жұқтыруы мүмкін деп жорамалдап отырмыз. Яғни, ота жасатқан соң жағдайы нашарлаған пациенттердің тізімін жіті тексеріп шығу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде