{metadescription}
Италия елшісі қазақстандықтарды контрафактілік тауарларға қарсы күресуге шақырды
Италия елшісі қазақстандықтарды контрафактілік тауарларға қарсы күресуге шақырды

Италия елшісі қазақстандықтарды контрафактілік тауарларға қарсы күресуге шақырды

Қазақстандық саудагерлер көшірме тауарларға қарсы күресті күшейтпек! Соңғы уақытта контрафактілік өнімдер көптеген сауда нүктелерін жаулап алуда. Ал лицензиясы бар тауар сататын дүкендер саусақпен санарлық. Кәсіпкерлердің айтуынша, тіпті әйгілі италиялық брендтердің атын жамылып заңсыз әрекетке баратындар көбейіп кеткен.

Паскуале Д'Авино, Италияның Қазақстандағы елшісі:

- Барлығы тікелей Италиядан әкелінген өнім. Расында қазір заңсыз көшірме жасайтындар көбейді. Ал Италияда контрафакті тауарлар сатқандар қылмыстық жауапқа тартылып, үлкен шығынға ұшырайды. Мұндай қитұрқы әрекет 100 пайыз кепілдік беріп отырған таза өнім өндірушілерге де кесірін тигізеді.

Италиялықтар Қазақстанды әлемдік брендтердің көшірмесін ұрлайтын контрафактілік тауарларға қарсы күресуге шақырады. Олар жалған тауарды сатушыларды ғана емес, сатып алушыларды да жазаға тартуды ұсынды. Сөйтіп арзан әрі сапасыз өнімдерден арылуға болатынын айтады. Қазір елімізде италиялық заманауи және сапалы тауарлар сататын жалғыз ғана сауда орны бар. Кәсіпкерлер бірнеше жылдан бері әйгілі италиялық брендтер, жиһаз, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ өндірушілерімен тығыз жұмыс істеп, тікелей сол елден тасымалдайды. Дүкен қызметкерлері өз тауарларын тұтынушылардың еш күмәнсіз сатып алатынына сенімді. Өйткені мұнда сәні мен қоса, сапасы да көзге ұрып тұр. Әрі кепілдікпен беріледі.

Джузеппе Орнаго, «La Prima» жобасының басшысы:

- La Prima нағыз италиялық дизайн. Мұнда клиенттер үй тауарларын, ас үйге қажетті құралжабдықтар, барлық италиялық таза өнімдерді таба алады. Сондайақ, бірегей стилі мен сапасы жағынан да ерекшеленеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде