{metadescription}
SOS! Алматыдан құстар неге жаппай ұшып кетіп жатыр?
SOS! Алматыдан құстар неге жаппай ұшып кетіп жатыр?

SOS! Алматыдан құстар неге жаппай ұшып кетіп жатыр?

Құстар құрып барады. Алматыда соңғы жылдары қанаттылардың кей түрлері қаладан жаппай ұшып кетіп жатыр. Осылай деп дабыл қаққан әкімдіктегілер бұған зиянкестерге қарсы ағаштарға себілген химиялық дәрі себеп дейді. Соның кесірінен, құрт-құмырсқа қырылып, құстар азық таппай, өзге жаққа ауып кететін көрінеді.

Андрей Коваленко 30 жылдан бері ірілі-ұсақты құстарды зерттеп келеді. Ол да қалада соңғы уақытта қанаттылардың әлдеқайда азайып бара жатқанын айтады. Тіпті қарқылдаған қарға мен қара тойғайдың да дауысы бәсеңдей түсіпті. Өйткені химиялық заттармен өңделген ағаштар мен бұталар оларды азығынан айырған. Тағы бір жағынан табиғат жағдайы әсер етуі мүмкін.

Андрей Коваленко, орнитолог:

- Құстар бізге әрдайым қажет. Ал зиянкестерден қорғауға ағаштарға дәрі себілмесе, ол қурап қалады. Бұлар табиғаттың жаратылысы болғандықтан, барлығы бірбірімен тығыз байланысты. Сол себепті жағдайды қалыпта ұстау үшін қолданатын дәріні өзгерту керек деп есептеймін.

Қаладағы жас натуралистер станциясы құстардың нағыз мекеніне айналған. Мұнда 100-ден астам қырғауыл, тауық, көгершін бар. Оларға балалар құрт өсіріп, тіпті ағаштан ұя жасаған. Десе де табиғат жанашырлары қысқы уақытта құстарға азық табу қиын екенін айтады. Сөйтіп олар жылы жаққа ұшып, қайта оралмайды екен.

Жанболат Ахметбеков, Жас натуралистер станциясының бөлім меңгерушісі:

- Біз жыл сайын жем беріп тамақтандырғанға сол құстар қайтадан ұшып келіп жатады. Көбінесе сары бауыр шымшық, торғайлар, кептерлер, қарғалар. Сосын кішкене күн суыта бастағанда басқа да қыстап қалатын құстар келіп жатады.

Құстардың жаппай жоғалып бара жатқанын жергілікті билік өкілдері де байқаған. Соңғы 15 жылда ағаштардан зиянкестерді жоюға 90% улы препарат қолданып келгенін олар да растады. Сондай-ақ, алдағы уақытта өндеу жұмыстарын қадағалайтын бірыңғай оператор құруды ұсынды. Бірақ химиялық улаудан толығымен бас тарту мүмкін емес дейді.

Асылбек Әбілқалым, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының бас маманы:

- Басқармамен мониторинг жасалып, жасыл екпелердің зиянкестеріне қарсы тек қана биологиялық препараттар қолдану ұйымдастырылып жатыр. Химиялық препаратты зиянкестердің ошағына қауіпсіздігі жоғары болған жағдайда ғана қолданылады.

Осылайша жауаптылар биологиялық препараттарға ауысуды келесі жылға жоспарлап отыр. Бірақ қанаттыларды қайтару ісінің қанша уақытқа созылары белгісіз.

Жалпы Алатау бөктерінде 250-ден астам құс түрі мекен еткен. Соның бүгінде 50-ге жуығы жоғалып кетіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде