{metadescription}
Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі тұрғындардың мазасы қашып, шырқы бұзылды  
Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі тұрғындардың мазасы қашып, шырқы бұзылды  

Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі тұрғындардың мазасы қашып, шырқы бұзылды  

Алматыда тұрғындар жаңа тұрғын үйдің салынуына қарсы шықты. Жұрттың айтуынша, іргелес аумақтағы құрылыс ешбір ескертусіз басталып кеткен. Нысанның іргетасын қалау кезінде негізгі талаптар сақталмаған. Жапсарлас тұрған ғимараттардың ара қашықтығы 10 метрге де жетпейді екен. Тараптардың уәжін тілшіміз КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Соңғы уақытта Сәтбаев көшесіндегі тұрғындардан маза қашқан. Мұндағылардың дені – зейнеткерлер. Төрт қабатты үйдің артындағы құрылыс «шырқымызды бұзды» дейді олар. Күні-түні шу, айнала шаң-тозаң. Көпшілікпен ешкім кеңеспеген.

Таубай Сайлау, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қазір төртеу деп еді, мына жерден тоғыз қабатты тағы да бір үй салайын деп жатқан көрінеді. Ешқандай сұрау жоқ: «Мынаны жасайық» деп жатырмыз, «мынаған біз дайындалып жатырмыз», «сіздерге айтып қояйық» деп. Мына жерде 32 пәтер бар, кем дегенде 100 адам тұрады. Біреуімізбен сөйлескен жоқ.

Жоспарға сәйкес, Керемет ықшамауданында тоғыз қабатты тұрғын үй салынуы тиіс. Құрылыс мерзімі екі жыл. Компания өкілі «құрылысқа қажетті құжаттарымыз түгел» деп қысқа қайырып, оны көрсетуден бас тартты. Олар алдағы бірер күнде екі араны биіктігі  алты метрлік қақпамен қоршамақ.

Бірақ тұрғындар мердігердің әрекеті «заңсыз» деп отыр. Мәселен, үйдің маңындағы ағаштарды рұқсатсыз кескен. Оған қоса көпқабатты үй мен құрылыстың арасы 10 метр болуы тиіс. Алайда бұл сегіз метрден сәл ғана асады. Зәулім ғимараттың тасасында қалудан қауіптенген жұрт прокуратура мен қалалық құрылысқа жауапты мамандардан араша сұрайды. Нысан басына келген әкімдік өкілдері құрылыстың еш ескертусіз басталып кеткеніне аң-таң. Алдағы бір аптада арнайы тексеру жүргізіліп, нысанның қаншалықты талапқа сай екенін анықтамақ.

Дархан Тайсаринов, Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманы:

- Басқармаға құрылысмонтаждау жұмыстары туралы хабарлама түскен жоқ. Бұл нысан бойынша және бұл тұрғындардың арыз хаты түскеннен кейін 3ші желтоқсан күні бүгін келіп отырмыз және уақытша жұмыстарын тоқтатып жатырмыз.

Құрылысы күзде басталған аумақта тіршілік бір сәт толастаған емес. Тұрғындар тіпті түнде де шудан мезі болғанын айтады. Қалалық құрылыс бақылауға жауапты мамандар мердігерге кеп арнайы ескерту жасады. Алайда тұрғындар оған сенбей отыр. Тоғыз қабатты ғимараттың қалтарысында қалмас үшін соңына дейін күресуге бекінген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде