{metadescription}
Turnitin! Еліміз жаңа антиплагиат жүйесіне көшті  
Turnitin! Еліміз жаңа антиплагиат жүйесіне көшті  

Turnitin! Еліміз жаңа антиплагиат жүйесіне көшті  

Енді ешкім көшіре алмайды. Бұрынғы вице-министр Фатима Жақыпованың дауынан кейін еліміз жаңа антиплагиат жүйесіне көшті. Бұдан былай жаңадан жазылған ғылыми жұмыстар түгел сол жүйенің тексеруінен өтпек.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Біз биыл бірінші рет Turnitin деген 15 мың ең үздік университет қолданатын антиплагиаттық жүйе бар. Сол жүйеге биыл ұлттық жазылу жүргізіп, қолдандық. Курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар, әрине міндетті түрде диссертациялар осы жүйеден өтетін болады.

Министрдің айтуынша, жазылған әрбір еңбек жаңа плагиат жүйесінен өтіп қана қоймайды, жүйеде сақталады. Сол себепті ғылыми жұмысты екінші қайтара қорғау, яғни көшіріп, комиссия назарына ұсыну мүмкін болмайды. Сенаторлар алдында антиплагиаттық жүйе туралы айтқан Айтмағанбетов бұрынғы орынбасарына қатысты пікірін де білдірді. Жақыпованың диссертациясын қарап шыққан білім министрлігіндегілер ғылыми атағын қайтаруға қауқарсыз. Өйткені заң сондай.

Министрлікте жұмыс істеген Анар Қайырбекова Фатима Жақыпованың ғылыми жұмысының 60 пайызы көшірілген деп айыптаған еді. Қазір екеуі де министрліктегі қызметтен кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде