{metadescription}
Алматы облысы: Барымташылар жылқыны сойып жатқан жерінде ұсталды
Алматы облысы: Барымташылар жылқыны сойып жатқан жерінде ұсталды

Алматы облысы: Барымташылар жылқыны сойып жатқан жерінде ұсталды

Алматы облысында барымташылар жылқыны сойып жатқан сәтте қолға түсті. Еңбекшіқазақ ауданында болған ұрлықты автопатруль қызметкерлері анықтаған.

Екі ер адам таңға жуық жылқыны ұрлап, бірден союға кіріскен. Терісі сыпырылған малдың Түрген ауылындағы тұрғынға тиесілі екені анықталды. Алайда жылқының иесі оның қолды болғанынан бейхабар болған. 68 жастағы қария өз шығынын 500 мың теңгеге бағалап отыр. Сойылған жылқының еті мал иесіне қайтарылды.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің өзге де мал ұрлығына қатысы бары тексерілуде. Жылқыны сойғандар «бала-шағамыз аш болғандықтан осындай қадамға бардық» деп ақталды. Ал қырағылық танытқан полицейлер марапатқа ұсынылмақ.

Жалпы, жыл басынан бері Алматы облысында ұрланған 800 ірі қара иесіне қайтарылған.

Серік Үпиев, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Тәртіп сақшыларын байқап қалған күдіктілер бой тасалауға тырысқан. Олар сол жерде ұсталып аудандық полицияға жеткізілді. Күдіктілерге тиесілі «Лада гранта» автокөлігі табылды. Оның да көлік жүргізушісі жасырынуға тырысқан. Бірақ ізіне түскен тәртіп сақшылары көлікті сол жерде ұстады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.