{metadescription}
Бизнес орталығынан секірген жігітті суицидке не итермеледі?
Бизнес орталығынан секірген жігітті суицидке не итермеледі?

Бизнес орталығынан секірген жігітті суицидке не итермеледі?

Алматыдағы ірі бизнес орталығында жұрт бір дүрлігіп қалды. Онда 48 жастағы азамат жоғарғы қабаттан секіріп өлді. Полицияның мәліметінше, ол 12-ші қабаттағы терезеден төменге құлаған. Жігіттің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өмірімен қош айтысқан жігіт өзі секірген бизнес орталығында жұмыс істемейді. Ол қаланың элиталық ауданындағы ғимаратқа бас сұғып, бірден 12 қабатқа көтерілген көрінеді. Марқұмның далада жатқанын алғаш болып сол маңдағы сұлулық салонының қызметкерлері көрген. Олар бірден полиция мен жедел жәрдем қызметін шақыртыпты. Бірақ биіктен оңбай құлаған жігіт дәрігерлер жеткенше жан тапсырған. Қазір тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізуде. Алматының тумасын суицидке не итермелегені осы тергеу барысында анықталуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.