{metadescription}
2020 жылы мектептер латын әліпбиіне көшпейтін болды
2020 жылы мектептер латын әліпбиіне көшпейтін болды

2020 жылы мектептер латын әліпбиіне көшпейтін болды

Мектептер 2020 жылы латын әліпбиіне көшпейді. Себебі, жаңа қаріп әлі пісіп-жетілдірілмеген. Сондықтан Білім министрлігі жаңа әліпби ресми бекітілген соң ғана оны қолданысқа енгізеді.  

Латын әліпбиінің соңғы нұсқасына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңілі толмаған еді. Содан кейін бұл мәселені тереңінен зерттеген Білім министрлігі жұмыстарды әзірге тоқтатуға мәжбүр. Министр Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру – өте ұзақ жұмыс. Сондықтан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар тек тиісті ережелер бекітілгеннен кейін ғана әзірленбек.

Айта кетсек, латын графикасы жұмыстарымен қазір Мәдениет министрлігі айналысып жатыр. Нақты ереже бекітілгеннен кейін ғана Білім министрлігі өзіне тиісті жұмыстарға білек сыбана кіріспек.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Әзірге, пысықталып, бекітілген нұсқасы жоқ, сондықтан 2020 жылы мектептер латын әліпбимен оқытылады деп айта алмаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар тиісті уақытты қажет етеді. Алдымен ережелерді бекіту керек, кейіннен пилоттық жоба жүзеге асырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде