{metadescription}
8 500 000 миллион! Қоғамның өзекті мәселелерін қаузап жүрген журналистер марапатталды
8 500 000 миллион! Қоғамның өзекті мәселелерін қаузап жүрген журналистер марапатталды

8 500 000 миллион! Қоғамның өзекті мәселелерін қаузап жүрген журналистер марапатталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен бастамасын, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігін дүйім жұртқа жеткізіп, қоғамның өзекті мәселелерін қаузап жүрген журналистер марапатталды. Тұңғыш президент кітапханасы мен қоры ұйымдастырған байқау сыйақысының қоры – 8 жарым миллион теңге.

Журналистер арасындағы дода бес номинация бойынша өткізілді. Биылғы байқаудың ерекшелігі – «Шетелдік бұқаралық ақпарат құралындағы үздік жариялым» номинациясының қосылуында. Халықаралық сайысқа 530 материал түссе, соның ішінде 33-і – шетел тілшілерінің жұмыстары. Қазылар алқасы олардың арасынан үздігін анықтады. Тұңғыш Президент кітапханасы мен қоры байқауды осымен бесінші рет ұйымдастырып отыр. Жүлде қоры да жыл сайын артып келеді.

Әлкей Марғұланұлы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Қазір журналистика саласында көптеген өзгерістер орын алып жатқандығын халықаралық тәжірибеден көріп отырмыз. Қазақстан журналистері АҚШ; Еуропалық одақтың үздік журналистері пайдаланатын тәсілдерді қолданып, халыққа ақпаратты тартымды, өте дәйекті және ең бастысы – зерттеумен жеткізіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде