{metadescription}
Бетонның астында қалған оператордың үстіне 80 тонна астық құйылып мерт болды
Бетонның астында қалған оператордың үстіне 80 тонна астық құйылып мерт болды

Бетонның астында қалған оператордың үстіне 80 тонна астық құйылып мерт болды

Ақмола облысындағы қамбада оқыс оқиға болып, бір адам қаза тапты. Астық кептіру кезінде жоғарғы қабаттың бетон жабындысы құлапты.

Бірінші қабатта жайбарақат жұмыс істеп отырған серіктестіктің 46 жастағы операторы бетон плита астында қалады. Оның үстіне жоғарыдағы қамбада сақталған 80 тоннадай астық құйылып, басып қалған. Барлық құтқару қызметі шақырылғанымен, әйелді осыншама ауыр жүк астынан аман алып шығу мүмкін болмапты. Марқұм бұл жұмысқа тамыз айында тұрған. Оның артында төрт баласы қалды.

Қанат Доспаев, Ақмола облыстық ТЖД  бастығының орынбасары:

- Оқиға орнын астықтан тазартуға ауылшаруашылығы техникалары пайдаланылды. Содан кейін ғана құлаған бетон плитаны көтеруге мүмкіндік туды. Әйел адам сол жерде жан тапсырған. Қазір сот медициналық сараптама тағайындалып, еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде