{metadescription}
Жамбыл облысының әкімі мектептердегі дәретхананы ретке келтіруге уәде берді 
Жамбыл облысының әкімі мектептердегі дәретхананы ретке келтіруге уәде берді 

Жамбыл облысының әкімі мектептердегі дәретхананы ретке келтіруге уәде берді 

Тараздағы мектеп әжеханасында зорланған оқушы үшін облыс басшысы да жауапты. Бүгін бас қалада брифинг өткізген Асқар Мырзахметов аталмыш жантүршігерлік жағдайдан кейін, өңірдегі барлық мектепте дәретханаларды ретке келтіруге уәде берді. 

Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының әкімі:

- Тараздағы қайғылы жағдайға дейін сараптама жасағанбыз. Облыс әкімі өңірдегі барлық мәселеге жауапты. Аймақтағы мектептерде талапқа сай әжетханалар салынады. Жалпы 442 мектеп бар болса, соның 260сында әжетхана далада орналасқан. Ең бірінші кезекте әжетханаларға су мен кәріз жүйесін тартуды қарастырып отырмыз.

Асқар Мырзахметовтің айтуынша, Жамбыл облысындағы мектептерде әжетханаларды талапқа сай етіп салуға есеп-қисап жүргізілген. Орта білім беретін ошақтардағы дәретханаларды толықтай жасақтап, жаңасын салуға 640 млн теңге қажет. Бұл тек құрылысқа кететін қаражат. Аймақ басшысы шалғай ауылдардағы мектептерге алаңдаулы. Себебі, елді мекендерде орталық кәріз жүйесі мүлдем жоқ.

Тараз мектептерінің бірінде әжетханада оқушы зорланған болатын. 12 жастағы қызға азғындық жасалған соң, Тараз қаласы әкімі мен Білім басқармасының басшысынан бастап аймақтағы бірқатар атқамінерлер жылы орнымен қоштасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде