{metadescription}
Малдыбайдағы қырық жыл тозығы жеткен мектепте білім деңгейі төмендеген
Малдыбайдағы қырық жыл тозығы жеткен мектепте білім деңгейі төмендеген

Малдыбайдағы қырық жыл тозығы жеткен мектепте білім деңгейі төмендеген

Жамбыл облысында ауыл жұрты жаңа мектеп салып беруді талап етті. Елді мекендегі білім ошағының әбден тозығы жеткен. Тіпті сыныптар да жеткіліксіз екен. Бұқара материалдық базасы толық емес оқу ордасында кейбір сабақ өткізілмейді деп налиды. Соның салдарынан мұнда білім деңгейі төмен кетті дейді.   

Малдыбай ауылының тұрғындары мұң шақты. 39 жыл бұрын негізі қаланған мектептің әбден тозығы жеткен. Білім ошағында небәрі 6 сынып бөлмесі ғана бар. 80 орындық оқу ордасында 110 бала екі ауысымда оқып жатыр. Оқушы сыймайды деуге негіз жоқ. Бірақ бұқараны білім сапасы алаңдатады.  

Айтжан Нарбаев, Малдыбай ауылының тұрғыны:

- Мысалы, мектеп ішінде әскери дайындығы, еңбек сабағы жүріп жатқан жоқ. Химия, физика кабинеті жоқ. Көріп тұрсыздар, мектеп стандартқа сай емес. Мектеп үшін шырылдап жатқан ауылмыз.

Жұрттың айтуынша, балалар 9-сыныптан кейін ауылдан жаппай кетіп жатыр екен. Себебі, ары қарай білім жетілдіру мүмкін емес дейді. Әзірге мектеп қабырғасы қирайды деген қауіп жоқ. Көпті алаңдататыны – материалдық база. Мұнда қысты күні дене шынықтыру сабағы болмайды. Тек кабинетте ұлттық ойындар ойнаумен шектеледі.

Мектеп терезелері целлофанмен қапталған. «Соның өзінде іші салқын», - дейді тұрғындар. Ал дәліздегі киімдерге қарап, білім ошағына емес, базарға кіргендей әсер аласың. Әжетханасы да айдалада. Осы жағдайлардан зәрезап болған жұрт әкімдіктен жаңа мектеп сұраған. Алайда, әу баста уәде еткен шенеуніктер кейіннен сөзінен айныған.  

Айдынбай Мұханов, Малдыбай ауылының тұрғыны:

- «Соғылмайды» деп өткенде қағаз жіберіпті. Алдында «80 орындық талапқа сай соғылады» деген. Әжетханасы бар, бәрі соның ішіне кіреді ғой. Сол мәселені көтеріп тұрмыз.

Ал мектеп басшысы «білім сапасы төмен» деген уәжден басқасымен толық келісіп отыр. Оның айтуынша, ғимаратқа қосымша құрылыс жүргізу жоспарланған. Алайда бұл іс жарым жолда тоқтап тұр. Ал бес жыл бұрын спорт зал, екі кабинет, асхана салуға сметалық жобаға тендер жарияланған. Бірақ жеңген мердігер өз міндетін атқармай, іс сотқа жетіпті. Енді тек осы дау аяқталған соң қосымша құрылыстың жайы қайта қаралмақ. 

Марат Молдашев, Малдыбай орта мектебінің директоры:

- Бізден жылда мәлімет алып отырады. Ауыл тұрғындарының өсу саны. Балалардың өсу саны. Осы жерге аса үлкен мектеп соғу қажет емес деп отыр. Неше жылдан мониторинг жүргізген, бала саны көп емес.

Бұл сөзден жаңа мектептің мүлдем салынбайтынын түсіну қиын емес. Сондықтан ауылдықтардың арманы аяқсыз қалды деуге толық негіз бар. Жұртқа жұбату болар қосымша нысандардың құрылысы да қашан басталары әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде