{metadescription}
Жанар Хамитованың өліміне қатысты қылмыстық іс неліктен тоқтатылды
Жанар Хамитованың өліміне қатысты қылмыстық іс неліктен тоқтатылды

Жанар Хамитованың өліміне қатысты қылмыстық іс неліктен тоқтатылды

Жанардың ісі жабылды! Полиция әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатқанын хабарлады. Эстарада жұлдызының өліміне әлдебіреудің қатысы бар болуы мүмкін, яғни «суицидке итермеледі» деген бап бойынша тергеу жүргізгендер ешқандай дәйек таппапты.     

Жанытай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Аталған іс ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 35 бабы, яғни қылмыстың құрамының болмауына байланысты қысқартылды.

30 жастағы әншінің қазасынан соң, оны біреулер өз-өзін өлтіруге мәжбүрлеуі мүмкін деген күдікпен іс қозғалған еді.

Естеріңізге салсақ, оқиға қыркүйекте болған. «Арнау» тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова дүниеден озды деген суыт хабар талайдың қабырғасын қайыстырды. Туыстары еден жуып жатқанда жүрегі тоқтады деп түсіндіргендей болған. Алайда артынша Хамитованың асылып өлгені анықталды.

Белгілі болғанындай, «Super Star» байқауының финалисі бақандай 21 мәрте өмірімен қоштаспақ болған екен. Ол туралы біздің арнадағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына қонаққа келгенде өзі айтқан. Студияда өзінің қатты күйзелісте жүргенін ағынан жарыла жеткізіп, көзіне жас алған еді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде