{metadescription}
Селфиден өлді! Ақтөбеде теміржолда студент қызды пойыз қағып кетті
Селфиден өлді! Ақтөбеде теміржолда студент қызды пойыз қағып кетті

Селфиден өлді! Ақтөбеде теміржолда студент қызды пойыз қағып кетті

Селфи жасаймын деп ажал құшты. Ақтөбеде шойынжол бойында суретке түспек болған он тоғыз жастағы бойжеткенді пойыз қағып кеткен.

Бойжеткен жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде екінші курста оқиды. Селфи жасауға теміржол өткелінің маңын таңдаған. Жанында құрбысы болыпты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол қас қарайғанда жүріп бара жатқан пойыздың жанында таспаға түсуді қалаған. Сол кезде қатты жылдамдықпен келген жүк пойызын аңғармай қалады. Пойыз қаққаннан кейін ауруханаға жеткізгенімен, есін жимастан көз жұмды. «Аман алып қалу мүмкін болмады», - дейді дәрігерлер.  

Сәкен Қапанов, Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері:

- Талағы жарылған. Бір литрден артық қан кеткен. Сол операциядан кейін реанимация бөлімінде екі сағат ем алып, таңғы сағат төртбестерде қайтыс болды. Алған жарақаты өте ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде