Жұмысқа орналастыруға әскери шенді миллион теңге сұраған
Жұмысқа орналастыру үшін миллион теңге! Алматы аймақтық гарнизоны әскери полиция басқармасының бастығы пара алып жатқан жерінде ұсталды. Әскери шендіге қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
06.12.2019
Ол біреуді жұмысқа орналастыруға 1 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Қалтасынан бума-бума ақша шыққан күдікті жаңа қызметкерге алдағы уақытта қамқорлық жасауға да уәде беріпті. Алайда әскери полиция басшысының заңсыз әрекетін жемқорлыққа қарсы агенттік әшкере етті. Күдікті кінәсін бірден мойындаған. Бірақ қорғаушысы өтініш хат бергендіктен, ол қамауға алынған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!