ШҚО: Төтеншеліктер алыс жолға шықпауға кеңес берді
Шығыс Қазақстан облысында тұрақсыз ауа райы жұртты әуре-сарсаңға салуда. Бүгін өңірдің қос шаһары мен кей аудандарында қардың соңы жаңбырға ұласты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
06.12.2019
Жауынның салдарынан Өскемен, Семей, Курчатов және Шемонайха ауданы мұз айдынына айналған. Сондықтан мектептерде жаппай демалыс жарияланды. Бүгін де тас жолдардағы жағдай мәз емес. Атап айтқанда, көктайғақтан Семей-Өскемен, Өскемен-Шемонайха бағытында адам тасымалымен айналысатын автобустардың жүруіне тыйым салынды. Бұл жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Бірақ төтеншеліктер жұртқа сақ болуды ескертеді. Олар аса маңызды болмаса, алыс жолға шықпауға кеңес берді.
Думан Икенов, Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері:
- Қазгидрометтің мәліметі бойынша, ауа райы өзгереді. Күн жылынып, қар аралас жаңбыр жауып және желдің ұйытқуы күтілуде. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын алыс жолға шықпауын сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!