{metadescription}
Шымкентте бастық етемін деп ауызбастырық алған шенеунік жазаланды
Шымкентте бастық етемін деп ауызбастырық алған шенеунік жазаланды

Шымкентте бастық етемін деп ауызбастырық алған шенеунік жазаланды

Шымкентте бастық етем деп ауызбастырық алған шенеунік жазаланды. Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Базароваға қызметті саудалағанына ірі көлемдегі айыппұл салынды.

Ол басқармада басшы орынбасары қызметінде жүріп мектеп директоры орынбасарын шақырады. Сөйтіп 400 мың теңге берсе, тесттен қиналмай өткізіп, «директор болуыңа көмектесемін» деп алдаған. Алайда келіскен қызметкер алаяқ басшысына емес, жемқорлыққа қарсы күрес мамандарына жүгінген. Сөйтіп жыл басында 400 мың теңгені алып жатқан жерінде ұсталған Жанат Базарова алаяқтық бабымен жазаланып тынды.

Қайрат Ізбасаров, судья:

- Осы баппен 3 миллион теңге мөлшеріндегі айыппұл тағайындалған. Және де айыппұл мемлекетке төлеу мерзісі 3 ай болып бекітілген. Сонымен қатар осы баптың санкциясы шеңберінде көзделгендей қосымша жаза ретінде өмір бойы мемлекеттік қызметті атқаруға шектеу қойылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде