Ресейлік спортшылар Токио олимпиадасынан шеттетілді
Ресейлік спортшылар биыл жазда өтетін Токио олимпиадасына қатыспайтын болды. Өйткені бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік оларды төрт жылға спорттық жарыстардан шеттетті.
09.12.2019
Десе де допинг дауына ілінбеген қыз-жігіттер Олимпиада комитетінің туы астында немесе дербес спортшы ретінде бақ сынай алады. Сондай-ақ төрт жылға дейін теріскейдегі көршімізге халықаралық ірі жарыстарды ұйымдастыруға тыйым салынды. Атап айтқанда, Ресейде алдағы жылдары футболдан Еуропа чемпионатының топтық ойындары, шахмат олипиадасы, ауыр атлетикадан Еуропа біріншілігі, 2023 жылы жазғы Универсияда сияқты бірқатар байрақты бәскелерді өткізу жоспарланған. Енді осы спорттық сайыстардың барлығы бұл елде өтпейді. Тіпті Ресей Олимпиада комитетінің барлық мүшелеріне де кез келген жарысқа көрермен ретінде баруға тыйым салынып отыр. Бұған Ресей спортшылары мен спортқа жауапты басшыларының допинг дауынан көз ашпауы себеп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!