Қылмысын жасырмақ болған браконьерлер қымбат джипін өртеп жіберді
Киік аулаймын деп көлігінен айрылды. Ақтөбе облысында браконьерлер айғақ заттарды жоқ қылу үшін қымбат, жол талғамайтын джипті өртеп жіберген.
Автор: Жаңалық Ахаш
09.12.2019
- Неше киік бар?
- Екі лақ па?
- Неге машинаны жағып жібердің?
- Сол.
- Неше мылтық бар ішінде?
«Охотзоопром» қызметкерлері Үстірт маңын бақылап жүріп айдалада көлікті көреді. Сол жаққа бет алғанда олар қаша жөнелген. Жетіп келген кезде қымбат джипқа от қойып, түгін қалдырмай өртеп жібереді. Әйтсе де күдіктілер киік аулағанын мойындапты. «Екі лақ ұстадық» деп ақталған екен. Бірақ өрттен соң үш киік пен 16 мүйіз, үш аңшы мылтығы табылды. Қазір 45-46 жастағы Қызылорда облысы Қосаман ауылы тұрғындарына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Мұратбек Жәшібай, жануарлар дүниесін қорғау инспекторы:
- Ішіне сұйықтық шашып жатқаны. Сосын «Тоқта, тоқта!» деп дауыс бердік, терезелерімізді ашып. Іішінен от жалын көрінді. Сол кезде екі жағынан екеу секіріп түсті. Ішінде заңсыз аулаған киік барын айтты. Қару барын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!