{metadescription}
Шымкентте полиция бекетінде қаңғыбастар арақ ішіп, ұйықтап жүр  
Шымкентте полиция бекетінде қаңғыбастар арақ ішіп, ұйықтап жүр  

Шымкентте полиция бекетінде қаңғыбастар арақ ішіп, ұйықтап жүр  

Қараусыз қалған полиция бекеті! Шымкентте полиция бекеті қаңғыбастар мекеніне айналып кеткен. 

- Бұл не? Бекініс пункті ме? Екеуің не істейсіңдер? Қалай бұның ішіне кіріп отыра бересіңдер?

Дүңгіршекті жергілікті қаңғыбастар өздерінің жиналатын жері етіп алыпты. Осында әңгімелеседі, арақ ішеді, ұйықтайды. Полиция департаменті Шымкентте мұндай бекеттің нақты қанша екенін де білмейтін болып шықты. Олардың айтуынша, облыс пен қала бөлінген соң қалалық департамент жағдайы жасалған, ішінде жылуы мен телефон желісі тартылған 15 постты ғана меншігіне алған. Қалғандары қаңтарылып далада қалған. Мәселен, Қазнетте шу тудырған бұл орын үш жыл бұрын жекеменшік базардың аумағына қойылып, бір айдан аса уақыт қана полиция отырыпты. Содан бері қаңғыбастар үйі болып тұр.

Ұлбира Тілеубердиева, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Талай осы жерде қаңғыбастар арақ, сыра ішіп отырғанын көріп, қудым да. Онымен осы жердің адамын қашанғы қуа берем? Заңсыз, міне... Қарауылы жоқ. Егесіз болғаннан кейін сондай болады. Сондықтан сіздерден өтініш, заңды жеріне барып орналастырыңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.