{metadescription}
Ирактан әкелінген 14 баланың тағдыры не болмақ? 
Ирактан әкелінген 14 баланың тағдыры не болмақ? 

Ирактан әкелінген 14 баланың тағдыры не болмақ? 

Бүгін елордада Ирактан әкелінген 14 баланың қайта бейімдеуден қалай өтіп жатқанын тілшілерге көрсетті. Қыстың қандай болатынын білмейтін, есесіне, бомбаның қалай жарылғаны құлағында қалған балалар психолог, әлеуметтік қызметкер, педагог мамандардың көмегімен бейбіт қоғамға бейімделіп жатыр. Олар туыстарына табысталғанша карантинде болады. Аналары Ирак түрмелерінде, өздері тәрбиешілердің қарауында жүрген бүлдіршіндердің ортасында КТК тілшісі болып келді.

Бас қаладағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы. Ирактан жеткізілген 14 бала осындағы коттедждердің біріне бәрінен оқшау орналастырылған.

Балалар арасында сыртқа шығып ойнайтыны болмаса, олар мұндай қыс мезгілін де көрмеген. Қоғамнан оқшау болатын себебі, қазір толық қайта бейімдеуден өтіп жатыр. Сол үшін оларды карантинде ұстайды. Бұл жаққа кірерде бізге де міндетті түрде медициналық бетперде кию керек.

Алты ұл, сегіз қыз. Ең кішкентайы бір жас он ай, үлкені 13-те. Алғаш келгенде бір-бірінен ажырамай, жылаумен болған кішкентайлар қазір бауырын жоғалтып алам деген қорқыныштан арылған. Тәрбиешілермен де еркін ойнай бастаған. Себебі айналасы тыныш, тамағы тоқ. Ойыншықтарды тіпті туғалы көрмеген. Тәрбиешілер де оларға ән шырқап, көбіне ашық түсті суреттер салуға баулиды.

Он үш жастағы ер баланың айтып отырғаны. «Бәйтеректі» де келгелі бері теледидардан көрген. Ал екі жастағы бала дүние есігін сол жақта ашқан. Тілі де толық шығып үлгермепті. Анасын түнде жатарда ғана іздейтіні болмаса, тәрбиеші апайына бауыр басып қалыпты. Қасынан бір елі қалмайды. 

Балалар түрмеде аналарының қасында болғандықтан қанқұйлы соғысты көзбен көрмеген. Бірақ алыста атылып, жарылып жатқан дауыстар құлағында қалыпты. Мұның бәрін психологтар тест жүргізіп анықтаған.

Гүлжан Төлесова, психолог:

- Руын білмейді екен, тегін біледі. Атыжөнін, тегін, жасын – барлығын біледі. Сосын, бір жақсы жері, аналары отырған кезде үлкендерге әріп пен сан үйреткен. Мен сұрадым, онда қағаз да болған жоқ дейді, түрмеде отырғанда. Йогурттың қалбыры бар ғой, қаңылтыры, содан қаламсап жасап, жерге жазып, сан, әріпті біледі.

Айта кетейік, Ирактан 14 бала қарашаның 27-сінен 28-іне қараған түні жеткізіліп еді. Аналары лаңкестік әрекеттерге қатысы болғаны үшін сол жақтағы абақтыда өмірлік жаза арқалап отыр. Балалар енді үш күннен кейін туыстарына беріле бастайды.

Раиса Шер, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі:

- Геномдық сараптамалар жасалды. Алдын ала жасалған сараптамадан кейін екінші қайтара туыстық қатынастары дәлелденді. Бір бала тұл жетім деген күдік болған. Бірақ бір әжесін таптық, биологиялық туыстығы анықталды.

Дегенмен араларында ағайынды төрт баланы туыстары қабылдаудан бас тартып отыр. Сондықтан олар бала асырап алғысы келетін отбасыларға немесе отбасы үлгісінде тәрбиелейтін мекемелерге берілуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.