Жамбыл облысында иін тірескен көліктер бірінен соң бірі соғылды
Жамбыл облысында жаппай жол апаты болды. Батыс Еуропа - Батыс Қытай күре жолында 14 көлік соқтығысқан.
Автор: Руслан Әбдіхалық
09.12.2019
Жол апаты Ақшолақ ауылының маңында болған. Иін тірескен көліктердің бәрі бір бағытта келе жатыпты. Сөйтіп бірінің артынан бірі соғып отыр. Арасында Қордайдан Таразға науқас жеткізуге асыққан жедел жәрдем көлігі де бар. Абырой болғанда қатты соғылмаған. Бірақ соның өзінде екі адам жарақат алып ауруханаға түсті. Оның бірі – фельдшер. Бұл оқиғадан кейін шамамен бір сағатқа жуық уақыт жол қозғалысы тежелді. Полиция департаменті апатқа күн райының қолайсыздығынан, яғни тұман, көктайғақтың салдары деп отыр.
Самат Құсайынов, Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
- Әр жүргізушінің өзі кінәлі деп есептейміз. Өйткені жол жүру ережесінде жүргізуші аура райы қолайсыздығын ескеруі тиіс. Ол жерде, біріншіден – тұман, екіншіден – жолдың үсітінде мұз. Жүргізушілер соны ескермеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!