{metadescription}
Қазақстанның құрметті консулдары инвестиция тартуға кірісті
Қазақстанның құрметті консулдары инвестиция тартуға кірісті

Қазақстанның құрметті консулдары инвестиция тартуға кірісті

Инвестиция тартуға атсалысады. Алматыда Қазақстанның құрметті консулдары бас қосты. Келер жылға жоспар құрған консулдар арнайы қоғам құрып, ел экономикасын дамытуға үлес қосамыз деп отыр.

Елімізде және шетелдерде 80-ге жуық құрметті консул бар. Олар шетелде жүрген отандастырымыздың құқығын қорғап, елшіліктердің жұмысына қолғабыс жасаумен қатар, инвестиция тартуға да белсене кірісіп кетті. Бұл мәселеде «Құрметті консулдар қоғамы» маңызды рөл атқарып тұр. Қоғамға мүше делегаттар түрлі жиы өткізіп, бизнесмендермен ортақ жобаларды іске асырмақ. «Денсаулық, білім, құрылыс және өзге де салаларға серпін беруді көздедік», - дейді құрметті консулдар. Дөңгелек үстелде бас қосқан делегаттар тараптар арасында іскерлік және мәдени байланысты нығайту жолын талқылап, пікірін ортаға салды. 

Денис Ван Ден Вейх, Бельгияның Қазақстандағы құрметті консулы:

- Осы жылы біз НұрСұлтан қаласында құрметті консулдардың екінші сьезін өткіздік. Қазақстанның әлемдегі консулдары арнайы келген еді. Біз жыл сайын көптеген мәселеле талқылаймыз. Осы жолы инвестиция тартуға кірістік. Әзірге күн тәртібінде үш ауқымды жоба тұр. Келіссөздердің аяқталғанын күтіп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде