Игорь Рогов: Жемқорлықпен күрес баланың ойыны болып кетпес үшін...
Біріккен ұлттар ұйымы мен Франция, Молдова өкілдері жемқорлықтан құтылудың жолын талқылады. Елордада халықаралық сарапшылардың қатысуымен бесінші рет антикоррупциялық конференция өтті. Келелі жиынға ұйытқы болғандардың бірі Тұңғыш президент қоры.
Автор: Ербол Тұрымбет
10.12.2019
Біздің елде аталмыш мәселемен тікелей айналысатын Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі бар. Солар жүргізген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың жартысынан астамы елде жемқорлық жағдайларының азайып келе жатқанын атап өтіпті. Елдегі бизнес өкілдері де оны қолдайды екен. Заңды бұзбай жұмыс істесе, парасыз тірлік етуге болады дегенді сеніммен айтып отыр. Дегенмен соған қарамастан агенттік мемлекеттік қызметкерлерді әдептілік бойынша тексеруден өткізгісі келеді. Ал ұйымдастырушылар жағы жемқорлықпен күресудің басты қаруы қоғамдық бақылау дейді.
Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:
- Жемқорлықпен күрес деп айтып жүргеніміз баланың ойыны болып кетпес үшін азаматтық қоғам мен халықаралық серіктестер тарапынан қатаң бақылау болу керек. Қазақстан мұндай бақылауға оң көзқарас танытады. Осындай конференцияның өтуі соның дәлелі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!