Ядролық отын! Өскеменде уран сақтау банкі жұмысын бастады
Өскемендегі уран банкіне бүгін кезекті ядролық отын жеткізілді. Уран гексафторид түріндегі шикізат «Қазатомөнеркәсіп» Акционерлік қоғамынан әкелінген.
10.12.2019
Ал қазан айында алғашқы ядролық отын шикізаты Франциядан жеткізілген болатын. Осылайша жалпы сыйымдылығы 90 тоннаға есептелген уран қоймасы шикізатқа толды. Сулы реакторларға отын дайындайтын уран шикізаты отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын болат цилиндрлерде сақталады. Мамандар Үлбі металлургия зауытының аумағындағы уран банкі қоршаған ортаға «қауіпсіз» дейді. Бұл жердегі уранды атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке мүше мемлекеттер ядролық отын өндіруге шикізат таппаған жағдайда алып пайдалана алады.
Құмар Серғазин, ҚР Энергетика министрлігі, Атом және энергетикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
- Бүгін 42 тонна аз байытылған уран әкелінді. Ол әрқайсысы 1,5 тонна тартатын 28 цилиндрге салынған. Бүгін қойманың қақпасы жабылады. Осылайша уран сақтау банкі толық өз жұмысын бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!