АлматыСпецТехпаркинг! Ақылы автотұрақтардың бағасы өсуі мүмкін
Алматыда ақылы автотұрақтардың бағасы өсуі мүмкін. Бұл туралы «АлматыСпецТехпаркинг» серіктестігінің директоры Марат Пірінбеков мәлімдеді. Ақылы тұрақтарға жауапты оператордың мәліметінше, тарифті қалалық мобилділік басқармасы белгілейді.
Автор: Әсем Қабылбек
10.12.2019
Халық нөпірі көп жерлерде бағаны 50 теңгеге көтеру жоспарланып отыр. Яғни қазір машинаны автотұраққа бір сағат қалдыру құны 100 теңге болса, болашақта 150 теңгеге өседі. Ал автокөліктер аз тоқтайтын орындарда керісінше, тұрақ бағасы 50 теңгеге кемиді. Мұндай жерлер 50 пайызды құрайды.
Шаһардың орталық аудандарында сағат 15:00-ге дейін өзге тариф, одан кейін басқа баға бекітілмек. Себебі, көптеген жүргізуші автокөлігін бір орында ұзақ уақытқа қалдырады екен. Бағаны бірден 50 пайызға көтерудің тағы бір себебі: автотұраққа төлем қабылдайтын паркоматтар 5, 10, 20 теңгелік монеталар мен қағаз ақшаны мүлдем қабылдамайды. Қазір Алматыда a-parking жүйесі бойынша жұмыс істейтін 11 мың 700 ақылы тұрақ бар. Оның 193-і мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!