{metadescription}
Саутс Ойл қайтыс болғандардың отбасына, жерлеу шығынына, емделуіне қаржы бөлді
Саутс Ойл қайтыс болғандардың отбасына, жерлеу шығынына, емделуіне қаржы бөлді

Саутс Ойл қайтыс болғандардың отбасына, жерлеу шығынына, емделуіне қаржы бөлді

Қызылорда облысындағы автобус апатында мерт болғандар мен жарақаттанғандардың өтемақысы белгілі болды. Марқұмдар жұмыс істеген «Саутс Ойл» компаниясы қаза тапқан әр жұмысшының отбасына миллион теңгеден бергенін хабарлады. Тілшілерге ашық сұхбат бергісі келмеген компания басшылығы мәліметті ресми хат ретінде таратып отыр.

Автобус ішінде болған 32 жұмысшының 21-і компанияның жұмысшылары, 9-ы мердігер мекеменің қызметкерлері, тағы екеуі автобус жүргізушісі болған. Апатта «Саутс Ойлдың» 7 маманы, мердігерден біреу және жүргізушілердің біреуі көз жұмды. Қайтыс болғандардың отбасына миллионнан үлестірген компания жерлеу шығынына деп 237 мың теңгеден бөліпті. Жарақат алған жұмысшылардың емделуіне 310 мың теңгеден берген. Ал дер кезінде техникалық байқаудан өтпеген ескі автобустың шымкенттік компанияға ешқандай қатысы жоқ дейді. Яғни олар тасымалдаушы мекемемен келісім-шарт негізінде жұмыс істеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде