{metadescription}
Елордалық үлгілі полицей миллион теңге пара талап еткен
Елордалық үлгілі полицей миллион теңге пара талап еткен

Елордалық үлгілі полицей миллион теңге пара талап еткен

Елордада үлгілі полицей 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Қалалық полиция департаментінің экс-инспекторы Азамат Балтабаев екінші дәрежелі Айбын орденінің иегері. Сөйте тұра, өзі сияқты есімі елге белгілі дәрігерден миллион теңге пара талап еткені үшін жаза арқалап отыр.

Осыған дейін Азамат Балтабаевтың есімі ел арасында батыр полицей деген атпен таралған еді. Себебі, екі жыл бұрын мүгедек қария мен ер кісіні өрттен аман алып қалған. Тағы бір көпірден суға секіріп өлмек болған жігіт пен былтыр 9-шы қабаттың терезесінен құлап кетейін деп тұрған кішкентай баланың аман қалуы да осы Азаматтың арқасы. Алайда биыл наурыз айында полицей қызметтес серігімен бірге көлікті мас күйінде айдаған Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақовты ұстап алады. Сөйтіп одан миллион теңге талап еткен. Ал Ақшолақов есеп-шотында қалған 400 мың теңгесін шешіп беріпті. Ертесіне атақты нейрохирург тиісті орындарға арыз жазып, екі полицей ақшасын қайтарып беріп жатқанда ұсталған.

Ботагөз Баянова, Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы:

- Балтабаев Азамат және Әбдірахманов Ринат пара алғандығы үшін кінәлі деп танылып, оларға үкім бойынша өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондайақ 2019 жылғы 4-ші апелляциялық сот алқасының қаулысымен аудандық соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде