{metadescription}
Ғашығының үш жасар ұлын азаптап өлтірген азаматқа қатысты іс қалай тергелді
Ғашығының үш жасар ұлын азаптап өлтірген азаматқа қатысты іс қалай тергелді

Ғашығының үш жасар ұлын азаптап өлтірген азаматқа қатысты іс қалай тергелді

Қарағанды облысында бала кездегі ғашығының үш жастағы ұлын азаптап өлтірген азаматқа қатысты іс тергеліп бітті. Игентай Сопыжанов келесі аптада сот алдында жауап беруі тиіс. Ал бауыр еті баласынан айырылған ана бұл қанды қылмысқа полиция қызметкерлерін де кінәлі санайды. Өйткені түрмеден енді шыққан адамға пробациялық бақылау жасалмады деп отыр.  

Ника Васильева, Қарағанды облысының тұрғыны: 

- Қылмыскермен қатар учаскелік полицей мен пробоциялық бақылау қызметіне қатысты да шара қолданылса деймін. Өйткені түрмеден шыққан оған бақылау болмады. Игентай мені ұрыпсоққанда, қыр соңымнан қалмай үркітіп, қорқытқанда полицияға бірнеше рет арыздандым. Елемеді. Дер кезінде арыз қаралса мен ұлымды жоғалтпас едім.

Естеріңізге салсақ, күдікті қыркүйектің 5-і күні нақсүйерінің үш жасар ұлын ұрлап кеткен болатын. Үш күннен соң Максимнің денесі ауыл шетінде шөпке көмулі жатқан жерінен табылды. Қаскөйдің өзі қыркүйектің 9-ы күні Қарағандыдағы теміржол вокзалында ұсталған. Игентай мен Ника мектеп кезінен бір-бірін сүйген екен. Алайда бұған қыздың туыстары қарсы болады. Бұған ашуланған Игентай Сопыжанов 2014-ші жылы Никаның нағашы апасын балталап өлтіріп, 10 жылға сотталған. Ал биыл мерзімінен бұрын бостандыққа шығып, бала ғашықтар қайта табысыпты. Сол қанды махаббат бүлдіршіннің өмірін жалмап тынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде