Пара алған шенеуніктің денсаулығы мен марапаты ескеріліп, түрмеден құтылды
Павлодарда пара алған шенеунік айыппұлмен құтылды. «Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры Бақытриза Дүйсембаев енді 15 миллион теңге төлеуі тиіс.
Автор: Руслан Әбдіхалық
10.12.2019
61 жастағы азамат қараша айында парамен ұсталған болатын. Оның үйін тінту кезінде 500 мың теңге табылған. Бұл қаражатты ол Түркістандағы құрылысы бітпеген халыққа қызмет көрсету орталығының сапасын бағалаушы фирмадан алыпты. Ал әлеуметтік нысан жаңа өңірге Павлодар атынан тарту ретінде берілуі тиіс еді. Дүйсембаев бағалаушы компаниядан келісілген 2 жарым млн теңгенің бір милионын беруді талап еткен. Алайда оның жарымын ғана алып үлгерген. Бақытриза Дүйсембаев түрмеге жабылмады. Сот оның жүрек ауруы мен марапаттарын ескеріпті.
Қуаныш Төлебаев, судья:
- Бақытриза Дүйсембаев кінәлі деп танылсын. Сондайақ оған қомақты айыппұл салынуымен қатар, өмір бойына мемлекеттік қызметте, сот органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомствасында жұмыс атқаруға шектеу қойылсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!