{metadescription}
Код сағаты: Болашаққа қажетті маманды қалай дайындау керек
Код сағаты: Болашаққа қажетті маманды қалай дайындау керек

Код сағаты: Болашаққа қажетті маманды қалай дайындау керек

Қазақстандық оқушылар әлемдік «Код сағаты» науқанына қатысып, бағдарламалау тілін бірге үйренді. Ал ауқымды шараны өткізуге Тұңғыш президент қоры қолдау көрсетті.

Әлкей Марғұланұлы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:

 

- Барлығымыз күн сайын көптеген гаджет пайдаланамыз, көптеген смартфон. Яғни, оның барлығы программалау тілімен және жасанды инттеллект жүйесімен жүзеге асырылып жатыр. Елбасы қоры да осындай бастаманы қолдау арқылы болашаққа қажетті мамандарды қазірден бастап дайындауға үлес қосуда. 

Код сағаты – әлемнің 180 мемлекетін қамтыған ауқымды шара. Оған еліміз бес жыл бұрын қосылған еді. Алғаш 2015 жылы Қазақстандағы қатысушылар саны 75 мың оқушы шамасында болса, былтыр ол 355 мыңға дейін жеткен. Еліміздің әрбір оныншы оқушысы шараға қатысып, әлемдік ақпараттық технология жаңашылдықтары жөнінде білімін толықтырды.

 

Бүгінде Майкрософт, Гугл сынды әлемдік алпауыт компаниялар балалардан бастап, үлкендерге дейін программалау тілін үйретіп жатыр. Ондағы мақсат – ақпараттық технологияны тек студент кезден ғана емес, бала күннен бастап меңгеруге тәрбиелеу.

 

Дулат Отарбеков, оқушы:

 

- Аты-жөнімді жаздым. Сосын қай жерде оқитынымды, қай облыстан екенімді. Осылай бассаңыз, осындай ойын шығады. Сол арқылы ойнаймыз. Қиын емес. Информатика сабағында өтеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде