{metadescription}
Ski Club! Шымбұлақта кәсіпқой шаңғышыларды тәрбиелеуге мықтап кірісті
Ski Club! Шымбұлақта кәсіпқой шаңғышыларды тәрбиелеуге мықтап кірісті

Ski Club! Шымбұлақта кәсіпқой шаңғышыларды тәрбиелеуге мықтап кірісті

Шымбұлақтан чемпиондар шығады. Алматыдағы ең ірі тау-шаңғы кешені болашақ шаңғышыларды тәрбиелеуге шындап кіріскен сыңайлы. Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында Шымбұлақ ски клубы жұмыс істейді. Мұнда 5-18 жас аралығындағы балақайлар шаңғымен сырғанауды үйреніп, болашақта әлемдік додадаларда ел намысын қорғайтын кәсіпқой спортшы болады деген үміт бар.

Шымбұлақ еліміздегі ең ірі тау-шаңғы кешені. Алатаудың бөктеріндегі беткейден шаңғымен еңіске құлдилауға әркімнің дәті бармайды. Алайда ересектердің өзі жүрексінетін жерден балақайлар еш қиындықсыз сырғанап жүр. Өйткені бұлардың барлығы да «Шымбұлақ шаңғы клубының мүшелері. Олар іріктеуден өтіп, арасындағы қысқы спортқа икемі барлары ғана клуб қатарына қосылған. Ал оларды кәсіби жаттықтырушылар баптайды. Мәселен, Шымбұлақ шаңғы клубында тәлім екі қыз қазірден бастап олимпиада ойындарына дайындалып жүр.

Марк Шпарберг, «Shymbulak ski & sports club» қоғамдық қорының атқарушы директоры:

- Бізде Александра Троицкая мен Милена Скупкова деген екі жас қыз бар. Екеуі де жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының елегінен өтті. Енді таңдау қайсысына түседі сол спортшы Швейцарияға барады. Екеуі де спорт шебері. Ешқандай ұлттық олимпиадалық комитет немесе федерацияның көмегінсіз ақ біз осындай кәсіби спортшыларды даярлап шықтық.   

Шымбұлақ шаңғышылар клубы 2014 жылы құрылған. Осы аралықта 80-нен астам кәсіби спортшыларды шығарған. Олардың көпшілігі бүгінде ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.

Ринат Әбдірахманов, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің бас директоры:

- Былтырдан бастап бес жастан асқан балақайларға да шаңғымен сырғанауды үйрете бастадық. Негізінен біздің клубта 18 жасқа дейін жаттыға алады. Одан кейін қызжігіттер жастар құрамасына немесе ұлттық құрама сапына ілігіп жатады. Қазір бізде 8 жаттықтырушы бар. Олардың барлығы да бұрын кәсіпқой спортпен шұғылданған. Яғни бапкерлер құрамы өте мықты.

Жалпы, жыл өткен сайын тау шаңғысымен шұғылданатындар саны артып келеді. Мәселен, былтыр Шымбұлаққа 682 мың адам келсе, соның 220 мыңы шаңғышылар. Олардың ішінде шетелдік саяхатшылардың үлес салмағы 15 пайзға жетеді. Сырттан келетін туристерді көптеп тартуға Шымбұлақ тау шаңғы кешені Қытай, Корея, Үндістан мен Ресейдегі турагенттіктермен тығыз байланыс орнатқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде