Ұран.kz: Қарулы қауіп төнген жағдайда не істеу керек
«Ұран.kz» Қоғамдық бірлестігі оқушыларды терроризммен күресуге үйрете бастады. Қазақстан қарулы күштерінің ардагерлері балаларға бейтаныс адамнан аулақ болу сынды ең қарапайым ережелерден бастап, қарулы қауіп төнген жағдайда не істеуге болатынына дейін айтып берді.
Автор: Ербол Тұрымбет
13.12.2019
Файзолла Қаменов, «Ұран.kz» РҚБ төрағасы:
- Өйткені екі немерем мектепте оқиды. Үш немерем балабақшаға барады. Біздің құрылтайшылардың барлығының балалары мектепте оқиды. Сондықтан мектептегі балалардың алғашқы осындай, бетін аулақ қылсын, оларға зорлықзомдылық қауіпті жағдай жасайтын болса, соған қарсы алғашқы іс-шаралар, қандай іс-қимылдар қолдану керек, соны өзіміз бөлісіп, соларды үйреткіміз келген.
Қала мектептерінің бірінде өткен шарада алдымен оқушыларға әдепкі ережелер түсіндірілді. Яғни, қандай жағдай болмасын, бөтен, танымайтын адамға ермеу керек. Қысылып көмек сұрап тұрғанның өзінде тым жақын қарым-қатынасқа түспеген абзал. Ал дәл отырған жерлерінде қарулы шабуыл жасағандар болса, одан құтылудың да өз тәртібі бар. Ең дұрысы ешқандай батырлық көрсетпей-ақ қашып кеткен дұрыс. Болмаса, тығылып қалу керек. Оқушылар дәрі барысында соны тәжірибе жүзінде орындап та көрді. Автоматпен төніп келген қарақшыны ішке кіргізбей, есікті жауып, қолдан тосқауыл жасады. Ал өздері сахнаның артына жасырынды.
Қанат Рахымбеков, №13 орта мектептің директоры:
- Өткен жолғы шара өте жақсы әсер етті. Оқушылар өте қызығушылықпен осы шараларға қатысады. Бұл шараға 78, орта-буынның оқушылары қатысып жатыр. Бірақ болашақта барлық осы мектептегі буындар бойынша осы жаттығуды жалғастыруға жоспарларымыз бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!