Еліміздің ең үздік кәсіпорындары қалай анықталды
Елордада еліміздің ең үздік кәсіпорындары марапатталды. «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз» ұлттық байқауларының жеңімпаздарына жүлдені президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тапсырды. Үздік отандық бизнесмендерді марапаттаған мемлекет басшысы, индустрияландырудың үшінші бесжылдығына кәсіпкерлер зор үлес қосады деген сенімде.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
13.12.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:
- Индустрияландыруды табысты жүзеге асыру – баршамызға ортақ міндет. Бұл ретте бизнес өкілдеріне көп үміт артамыз. Кәсіпкерлік – ел экономикасының қозғаушы күші. Сондықтан түрлі кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға әрдайым зор мән береміз.
Бұл компаниялар сапалы өнім шығарудан бөлек, мыңдаған адамға жұмыс беріп, жоқ-жітіктерді қаржылай қолдап отырған үздік кәсіпорындар. Атап айтқанда, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін анықтауға арналған «Парыз» республикалық сыйлығының бас жүлдесі «ERG» компаниясына бұйырды.
Сондай-ақ, Қызылорда облысындағы «Абзал және К» компаниясы «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымын иеленді. Ал «Алтын сапа» президент сыйлығы «Бёмер Арматура» және Қызылорда өңірінің күкірт қышқылы зауытына бұйырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!