Ерболат Досаев: Азық-түлік қымбаттауының басты себебі...
Елімізде нан мен ет бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық банк төрағасы осындай күдігін жеткізді.
Автор: Мақсат Мәлік
13.12.2019
Ерболат Досаевтың есебінше, бір жылда азық-түлік бағасы 9,7 пайызға шарықтапты. Әсіресе нан-тоқаш өнімдері 15 және нарықтағы еттің құны 13 пайызға қымбаттаған. Дүкен сөресінде бағасы асқақтаған азық-түліктің қатарында теңіз өнімдері де қалыспай тұр. Алайда келтірілген деректер қараша халықтың қалтасын қағатын қымбатшылықтың ақыры емес екен. Өйткені жақын арада нан, ет және сүт өнімерінің бағасы тағы да өсуі мүмкін дейді Ұлттық банк төрғасы. Бұған Еуразиялық экономикалық одақ аясында енгізілетін жаңа талаптар басты себеп көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!