ІІМ Олеся Кексельге қатысты қорытынды жасады
Кексельдің ісінде қылмыс жоқ. Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельді тергеуге алған Ішкі істер министрлігі де ақыры осындай қорытындыға келді.
Автор: Ербол Тұрымбет
13.12.2019
Олеся Кексель талай дөкейлерді түрмеге отырғызумен танылған әйгілі прокурор. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, экс-премьер Серік Ахметов, Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы болған марқұм Лариса Пак және Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев Кексельдің тергеуінен өткендер. Өткен қараша айында Ішкі істер министрлігі оны тергеуге алды. Себебі, Бас прокуратураға Кексельдің тергеуінде болғандардың біреуі рұқсат етілмеген, яғни азаптау тәсілін қолданды деп шағымданған болатын.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
- Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары «қылмыс құрамы жоқ» деген себеппен тоқтатылды. Қазір барлық тергеу шарасы аяқталды. Іс материалдары заңдылығын тексеруге желтоқсанның 5і күні Бас прокуратураға жолданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!