{metadescription}
ШҚО-да балыққа есі кеткендер құтқарушыларды елемей жатыр
ШҚО-да балыққа есі кеткендер құтқарушыларды елемей жатыр

ШҚО-да балыққа есі кеткендер құтқарушыларды елемей жатыр

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Аяз ата мен Ақшақар кейпіне енді. Осылайша олар су қоймаларын аралап, балықшыларға жаппай ескерту жасап әлек. Әйтсе де балық аулауға есі кеткендердің ескертуді ескеретін түрі жоқ. Керісінше, демалыс күндері жұқа мұздың үстіне жиналатындардың қатары артқан.

Қаз-қатар тізілген балықшылардың бірде-бірі Аяз ата мен Ақшақардың келгеніне селт етпеді. Керсінше, балық ұстауға есі кеткендердің де өз айтары бар. Олар: «Мұздың қалыңдығы 25-30 сантиметр болса, қауіпті емес», - деп санайды. Алайда биыл балықшыларға су қоймалары қауіпті. Күн аяз болмағандықтан, кей жерлерде мұздың қалыңдығы 15-20 сантиметр ғана. Сондықтан көп адамның салмағын көтере алмай, кез келген сәтте жарылып кетуі мүмкін. 

Владимир Субботин, ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:

- Қыс басталып, сәл күн суытып, мұз қатса, балықшылар көбейеді. Балыққа есі кеткендер қауіпсіздік ережесін ескермейді. Тіпті ортасына дейін кетіп қалатындар бар. Ал биыл мұз былтырғыға қарағанда жұқа. Әлі толық қата қойған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде