{metadescription}
Есілдің екі жағасын байланыстырып тұрған көше кеңейтілетін болды
Есілдің екі жағасын байланыстырып тұрған көше кеңейтілетін болды

Есілдің екі жағасын байланыстырып тұрған көше кеңейтілетін болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қабанбай батыр даңғылы сегіз жолақты көшеге айналады. Есілдің екі жағасын байланыстырып тұрған көшелердің бірі осылай кеңеймек. Елорда әкімдігі сол арқылы кептелісті азайтып, көлік қозғалысын жеңілдетуді көздеп отыр.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс қиын. Іргедегі Қосшы елді мекенінде 50 мыңдай адам тұрады. Таңғы, кешкі уақыттарда дәл осы күре жолға салмақ түсетінін аңғардық. Қазір жобалау, сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сондайақ, Қабабанбай батыр мен Тұран қиылысында жол айырығын салуды келесі жылға жоспарлап отырмыз.

Елордада соңғы 10 жылда көлік саны екі есеге артып, 500 мыңға жуықтаған. Ал Қабанбай батыр даңғылындағы топырақ қалыңдығының әртүрлі болуына байланысты көшені кеңейту жұмыстары күрделі болады. Әрі сегіз, алты жолақ алмасып отырады.

Айта кету керек, 2018 жылғы жоспар бойынша бұл даңғылдың көлемін алты жолаққа дейін ұлғайту межеленген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.