{metadescription}
Украинада жер сату бастамасы бұқараны ереуілге шығарды
Украинада жер сату бастамасы бұқараны ереуілге шығарды

Украинада жер сату бастамасы бұқараны ереуілге шығарды

Жер үшін жанжал! Украина билігі қарауға алған заң елді ереуілге шығарды. Ауыл шаруашылығы жерлерін сату туралы бастама бұқараның ашуын туғызды.

Жоғарғы Раданың алдына наразылық шарасына шыққандарды тықсырамыз деген полицейлердің өзі жапа шегіп жатыр. Құзырлы орган мен қараша арасындағы текетірестің кесірінен 17 полицей түрлі дене жарақатын алды. Тыныштық торуылшыларын жиналғандар таспен атқылап, таяқпен ұруға дейін барған. Мұндай бассыздыққа мойынсұнбаған сақшылар көз жасаурататын газ бен резеңке шоқпар қолданды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір бүлік бастады деген 26 азамат қамауға алынды.

Даудың басы бір ай бұрын Раданың бірінші оқылымда мақұлдаған заңынан басталды. Онда ауыл шаруашылғы жерлерін украиналықтардан бөлек, шетел азаматтары да сатып ала алады. Ел президенті Владимир Зеленский халық базынасын ескеріп, екінші оқылымда түзетулер енгізілетінін жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.