{metadescription}
Қырғыз-тәжік шекарасында жаппай қақтығыс басталды
Қырғыз-тәжік шекарасында жаппай қақтығыс басталды

Қырғыз-тәжік шекарасында жаппай қақтығыс басталды

Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс! Қырғызстан бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жанжал Дахма өлкесіндегі тізімге енбей қалған жерге байланысты туған. Екі күн бұрын Тәжікстан тарапы сол аумаққа қақпа орнатпақ болады. Көршілерінің бұл әрекеті қырғыздардың ашуын туғызған.

Бүгін таңертең екі елдің шекара тұсында тұратын 200-ге тарта адамның арасында жаппай қақтығыс басталды. Жұрттың ашуға булыққаны соншалық, бір-біріне тас лақтыра жөнелген. Жағдай ушыға түскен соң, Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметтері, билік өкілдері мен құқық қорғау органдары келіссөз жүргізе бастады. Сол кезде тәжік тарапынан оқ атылып, айыр қалпақты ағайынның бір шекарашысы жараланған. Ал тәжіктер 5 тұрғынның зардап шеккенін айтуда. Қазір келіссөз уақытша тоқтатылып, екі елдің билігі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал әскерилер шекара аумағын қатаң бақылауда ұстап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде