{metadescription}
Ашынған ана тергеуде болған сорақылықты жайып салды
Ашынған ана тергеуде болған сорақылықты жайып салды

Ашынған ана тергеуде болған сорақылықты жайып салды

Жол апатынан қатты зардап шеккен алматылық Юлия Никмурзиева әділдік іздеп, араша сұрайды. Оның айтуынша, оқиғаның анық-қанығын толық тексермеген тәртіп сақшылары істі жауып тастамақ. Ал бес айдан бері төрт қабырғаға қамалып, жүріп-тұрудан қалған екі баланың анасы өзін қаққан көлік жүргізушісі жауапкершіліктен жалтарып кете ме деп қауіптенеді.

Юлияны төсекке таңған жол апаты тамыз айында болыпты. Түн ішінде дүкенге шыққан оны жолдан өте бергенде жеңіл көлік қағып өтеді. Әрине, зардап шегуші сол сәтте рұқсат етілмеген жерден өткенін мойындайды. Алайда Юлия көліктің қатты жылдамдықпен келгенін айтады. Ең сорақысы, ол ауруханада 20 күн жатқанда тергеуші де, көлік жүргізушісі де келмеген көрінеді. Қазір жүріп-тұруы қиындаған оның бауыры жыртылып, миы шайқалған, төсі зақымданып, қол-аяғы сынған. Жұмысқа жарамсыз келіншекке дәрігерлер мүгедек болып қалу қаупі бар екенін жеткізіпті. Ал әділдік іздеген Юлия Никмурзиева полицейлер істі жапқалы жатқанын айтады. Құзырлы орган өкілдері бұл жағдайды апат кезінде көліктің техникалық жарамсыз болғанымен түсіндіріпті. Бірақ ашынған ана тергеу барысында көптеген сорақылыққа жол берілгенін жайып салды.

Юлия Никмурзиева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Сол түні ешқандай «негіз жоқ» деп көлікті иесіне қайтарып берген. Тек адвокатым іске араласқанда арада, үш жарым ай өткенде ғана көлікті айып тұрағына тоғытты. Енді олар көлік мені соққан кезде техникалық жарамсыз болғанын айтып отыр. Жүргізуші алкоголь ішкенішпегінін анықтауға арада алты сағат өткен соң барған. Мені бірінші жолақтан қағып кеткен. Бірақ, олардың құжатында екінші жолақ, яғни жолдың ортасы деп көрсетілген. Бар талабым, жүргізуші аяғымнан тік тұрып кетуіме көмектессе екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде