{metadescription}
14 жүк көлігі шекарада алты күн бойы далада қалған
14 жүк көлігі шекарада алты күн бойы далада қалған

14 жүк көлігі шекарада алты күн бойы далада қалған

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында тағы да дау. Бұл жолы Ресей асуы тиіс 14 жүк көлігі жіпсіз байланып, Қордайда қаңтарылып тұр. Жүк тасымалдаушыларды «тауар мен құжат сәйкестігін тексереміз» деген желеумен кірістер басқармасы тоқтатыпты. Алайда өздері мерекелік демалысқа кетіп, жүргізушілерді алты күн бойы далада қалдырған.

«Жатын орын, ас-сусыз қалдық» дегендер көлікке түнеуге мәжбүр. Аязда, адам төзгісіз жағдайға түскен жүргізушілер мамандардың жауапсыздығына наразы. 14 жүк көлігіне киім-кешек, аяқ киім сынды халық тұтынатын тауар лық тиелген. Қырғызстандық өнімді межелі мерзімде Ресейге жеткізулері тиіс екен. Уақтылы бармаса, әр кешіккен күнге айыппұл төлененеді. Ал кірістер басқармасы «бұл – қалыпты үрдіс» дейді. Яғни, құжат пен тауардың сәйкестігін тексеру – заң талабы деп отыр. Оның үстіне жауаптылар бұл тауарлардың Ресейге тасымалданатынына күмән келтіреді. Жүкті «транзиттік» деп тіркеп, жолай Алматы, Таразға түсіріп кететін көрінеді. Тіпті кейбір көлік иелері тиелген тауарды ашып көрсетуден бас тартыпты. Сондықтан құжатты мұқият қарап шықпақ. Ал шикілік анықталса, айыппұл салынады немесе тауар кері қайтарылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде