{metadescription}
Бәйтерек! Байқоңырда мыңдаған жұмыс орны ашылады
Бәйтерек! Байқоңырда мыңдаған жұмыс орны ашылады

Бәйтерек! Байқоңырда мыңдаған жұмыс орны ашылады

Байқоңыр ғарыш айлағындағы Бәйтерек зымыран кешені келесі жылы іске қосылады. Мәжілісте Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы мақұлданды.

Бәйтеректен тек «Союз-5» зымырандары ұшырылады. «Оның экологияға еш кері әсері жоқ», - дейді мамандар. Өйткені бұл зымыран сұйық оттегі мен керосинмен ұшады екен. Демек «Протон» сияқты гептил қолданылмайды. Бәйтерек кешенінің құрылысына Ресей 900 миллион доллар, ал біздің ел 233 миллион доллар қаржы жұмсамақ. Алғашқы зымыранды ғарышқа ұшыру 2022 жылға жоспарланған.  

Асқар Жұмағалиев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Бұл Байқоңыр ғарыш айлағындағы Қазақстанның алғашқы жобасы болмақ. Құрылыс барысында мыңдаған жұмыс орындары ашылады. Одан кейін 500ге тарта азаматты тұрақты жұмыспен қамтимыз. Ең бастысы, біз ғарыш саласындағы ірі жобаға қатысамыз. Осы арқылы білікті мамандар қалыптасады деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде