145 миллиард! «Олимп» букмекерлік кеңсесі қыруар пайда тауып келген
«Олимп» букмекерлік кеңсесі 145 миллиард теңге төлеуге міндеттелді. Құмар ойынға құныққандардың қалтасын қағып, қыруар пайда тапқан бұл мекеме салық төлеуге келгенде сараңдық танытқан.
18.12.2019
Алматы қалалық прокуратурасының талабы бойынша салықшылар «Олимптің» соңғы бес жылдағы есеп-қисабын ақтарып шығыпты. Бес айға созылған тексерістің нәтижесінде букмекерлік компанияның төленбеген салығы, өсімпұлы мен айыппұлы 145 миллиард теңгеге жуықтаған. Бұл қарыздың 62 миллиарды «Олимп.кз» серіктестігіне, қалғаны «Олимп» брендін жамылған «Альфа бет» компаниясына тиесілі. Алайда 6 айға лицензиясынан айырылған букмекерлік компанияның қордаланған қарызды қалай төлейтіні белгісіз. Өйткені «Олимптің» барлық есеп-шоттары бұғатталған.
Естеріңізде болса, осыдан екі апта бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті букмекерлік компанияның бас кеңсесіне басып кірген еді. Өйткені мұндағылар интернет арқылы лицензияланбаған ойын ұйымдастырып, одан түскен табыстың бір бөлігін шетел асырып отырыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!