Ақтөбеде тоғыз жасар қызды зорлаған педофил ұсталды
Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлаған педофил ұсталды. Қазір 21 жастағы күдікті абақтыға қамалған. Оны іздеуге Ішкі істер министрлігінен арнайы топ келген еді.
Автор: Жаңалық Ахаш
18.12.2019
Елді алты күн бойы шошытқан қаскөй. Ол тоғыз жастағы бүлдіршінді мектептен бастап аңдып, үйіне дейін келген. Оқушыдан алғашқыда есік қағып телефонын қуаттап алуға пәтерге кіргізуін сұрапты. Ашпаған соң, екінші қайтара келіп, дәретханаға жіберуін өтінген көрінеді. Одан соң қызды буындырып, ойына келгенін істеген. Оқушыны қансырап, есінен танған күйі түскі асқа келген әкесі тауып алады.
Әзірге күдіктінің тек 21 жастағы тұрғын екені белгілі. Оның алты күн бойы қайда жасырынғанын, кім екенін тәртіп сақшылары айтпай отыр. Қазір оған қатысты кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін екі бап бойынша іс қозғалды. Оған сәйкес, қаскөй 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!