{metadescription}
Есілдің сол жағалауындағы ауыс-түйістер
Есілдің сол жағалауындағы ауыс-түйістер

Есілдің сол жағалауындағы ауыс-түйістер

Иманғали Тасмағамбетов Ресейдегі Елші қызметінен босатылды. Талай беделді лауазымда болып, елге жаққан Тасмағамбетов зейнеткерлікке шықты. Оның қасында бас қаланың өзінде бір министр орнын босатып, президент әкімшілігінде жаңадан орынбасар тағайындалды. Есілдің сол жағалауындағы өзгерістер жайында толығырақ тілшіміз айтып бермек.

Иманғали Нұрғалиұлы премьер-министр, Алматы мен Астана қалаларының әкімі, Қорғаныс министрі және ең соңы – Ресейде екі жылға жетер-жетпес Төтенше және өкілетті елші болды. Енді Тасмағамбетов қызметінен кетеді екен деген ел арасында желдей ескен сөз ақыры рас болып шықты.

Шамамен бір апта бұрын ғана Пайғамбар жасына келген елшінің Меккеде құлшылығын өтеп жүрген суреттері де жарияланды. 63 жасқа толуына байланысты Тасмағамбетов зейнет демалысына жіберіліп отыр.

Ал ел алдында біраздан бері көрінбей кеткен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев та ақыры орнын босатыпты. Осы қызметіне үш жылға таяу бүкіл күш-қайратын сарпыған Қанат Алдабергенұлының ендігі жұмыс істеуіне денсаулық жағдайы мұрша бермеген.

Министр президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің денсаулық жағдайын айтып, мойын омыртқасына ота жасатқанын жеткізді. Медицина мамандарының ескертпесі бойынша ол көлікпен қатынауды және әуе сапарларын азайту керек. Оған қоса, дәрігерлер ұзақ мерзімді физиотерапиялық ем алуды ұсынды.

Айта кетерлігі, әдетте орынбасары шатылса, таяқтың бір ұшы басшылардың өзіне де тиетін. Бірақ бұл аксиоманың Бозымбаевқа қатысы жоқ. Үш бірдей орынбасары мемлекеттің ақшасын жымқыру дерегімен шатылып жатса да мыңқ етпеген марқасқаның өзі. Бүгіннен бастап ол Президенттің көмекшісі болып тағайындалды.

Есесіне, дәл сол қызметте болған Мәулен Әшімбаев президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып келді. Әшімбаев бұған дейін Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерінде болған.

Ал елімізде жаңадан құрылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін Мәдина Әбілқасымова басқарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тұрған кезінде көпбалалы аналардың мәселесімен талай басы қатқан шенеунік артынан Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып кеткен еді. Бүгін оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордаға шақырып алып, жақсылап тапсырма берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде